Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған көрме ашылды

Бүгін, 17:20
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған көрме ашылды
Фото: Қорғаныс министрлігінен

ҚР Ұлттық музейінде «Ер есімі – ел есінде» және «Жеңіс – ұрпаққа аманат» жалпыреспубликалық акциялары аясында «Батырлар – ұрпақ аманаты» атты көрменің ашылуы өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Көрме Кеңес Одағы Батырларының мерейтойына арналады. Атап айтсақ, биыл Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл, Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдығы, Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толады.

Іс-шарада Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі, Жамбыл тарихи-өлкетану музейі, Әлия Молдағұлова мемориалдық музейі және Мәлік Ғабдуллин музейі қорларынан алынған заттар қойылған.

Экспозицияда Кеңес Одағы Батырларының наградалары, хаттары мен жеке заттары бар. М.Ғабдуллиннің «Алтын жұлдыз» медалі, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Ә.Молдағұловаға берген грамотасы, Б.Момышұлының әскери стратегиялық картасы және басқа да бірегей заттар қойылған.

Сонымен қатар көрмеге Астана қаласы «Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігінің материалдары қойылды.