Астаналық мәдени мекемелер алғыс айту эстафетасын қолдады


Астана қаласы Мәдениет басқармасына қарасты мәдени мекемелер ұжымы Алғыс айту күніне орай алғыс айту эстафетасын жалғастырды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Астана қаласы әкімдігінің Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясының солисі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзов әріптестерін Алғыс айту күнімен құттықтады.
«Құрметті өнерсүйер қауым!
Баршаңызды Алғыс айту мерекесімен құттықтаймын.
Ең бастысы, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Бейбітшілік болсын!», - деген әнші эстафетаны Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының ұжымына жолдады.
«Алғыс айту күні – өзара ризашылық пен құрметтің мерекесі. Осы тамаша күні сүйікті көрерменімізге, әріптестерімізге шынайы алғысымызды білдіреміз», - деген Әзірбайжан Мәмбетов театрының актерлері алғыс айту эстафетасын «Наз» мемлекеттік би театрына жолдады.
Өз кезегінде Алғыс айту күнімен құттықтаған «Наз» мемлекеттік би театрының ұжымы эстафетаны Астана қаласы әкімдігінің «Қанаттылар» инклюзивті театрына жолдады.
«Құрметті әріптестер!
Өнер мен мәдениеттің дамуы жолында аянбай еңбек етіп жүрген актерлерімізге алғысымды айтамын», - деген «Қанаттылар» инклюзивті театрының басшысы Арнұр Қайнарбекұлы эстафетаны «Жастар театрына» жолдады.
«Жастар театрының» жетекшісі «Құрмет» орденінің иегері Ернар Жұматаев та өзінің құттықтауын жеткізді.
«Алғыс айту адамға қашан да жылулық сыйлайды. Адамға алғыс айта білу – ол ішкі мәдениеттің жоғарылығы деп білемін.
Баршаңызды Алғыс айту күнімен құттықтаймын!», - деді ол.
Сондай-ақ әнші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Құрмаш Махан да құттықтау сөзін арнады.
«1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтаймын!
Баршаңызға мың алғыс! Ел аман, заман тыныш болсын!
Бір-бірлеріңізге алғыс айтып жүріңіздер.
Алғыс – жақсылық, бір-бірімізге деген мейірбандық. Бұл өмір мейірімге толы болса, онда әлбетте біз бақыттымыз», - деді ол.