Астанада көмір сататын 14 орын жұмыс істеп тұр

Бүгін, 09:31
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астанада көмір сататын 14 орын жұмыс істеп тұр
Фото: ҚТЖ

Астанада тұрғындар үшін 14 көмір сату орны және 10 қойма жұмыс істейді. Олардың барлығы қажетті инфрақұрылыммен және тиеу-түсіру техникасымен жабдықталған. Аталған нысандарда көмір сатумен 8 компания айналысады, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада көмір сату орындары мына мекенжайларда орналасқан: Герцен көшесі, 4/1; Герцен көшесі, 6/2; Көктал көшесі, 28/2; Мақат көшесі, 40; Жамбыл Жабаев көшесі, 76; Дулатов көшесі, 182/1; Мақат көшесі, 4/1; 70-проезд, № 9А; ЖЭО-2; 101-көше, 30Б; Литейная көшесі, 44; Көктал көшесі, 28; Герцен көшесі, 6Б.

Бүгінгі таңда көмірдің орташа бағасы: 

Шұбаркөл — тоннасына 19 500 теңге;

Қаражыра — тоннасына 18 800 теңге;

Майкүбі — тоннасына 16 800 теңге. 

Сонымен қатар 109 нөмірі бойынша жедел желі жұмыс істейді. Бұл нөмір арқылы тұрғындар көмір қоры, бағасы және сату орындарындағы қолжетімділігі туралы жедел ақпарат ала алады.