Ш.Бейсекова мен Н.Тілендиев көшелерінің қиылысындағы жол айырығы қашан аяқталады
3 наурыз, 2025


Фото: instagram.com/tzeinulkabden
Астана қаласы мәслихатының төрағасы Табиғат Зейнұлқабден Ш.Бейсекова көшесі мен Н.Тілендиев даңғылының қиылысында салынып жатқан екі деңгейлі жол айырығының құрылыс барысымен танысты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Бірқатар жұмыстар белгіленген кестеге сәйкес жүріп жатыр, алайда нысанның уақытында тапсырылмау қаупі бар. Орында кешігудің себептерін анықтадық. Нысанды тапсыру 2024 жылдың қазан айына жоспарланған, ал 2026 жылы айналасындағы аумақты абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі. Мердігерге құрылысты белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырдым», - деп жазды мәслихат төрағасы.
Сондай-ақ №41 орта мектебіне 600 орындық қосымша ғимарат салу жұмыстары талқыланды. Құрылысты жақын арада бастап, биыл аяқтау жоспарланып отыр.
Ұқсас жаңалықтар

12 шілде, 2025
Астанада Мәңгілік ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

12 шілде, 2025
Елордада есірткіге қарсы күрес аясында балаларға спорттық тимбилдинг ұйымдастырылды

12 шілде, 2025
Астанада вандализмге қарсы күрес күшейтілді

12 шілде, 2025
Астанада алғаш рет Backstreet Boys тобы концерт өткізеді