00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Қызылорда облысында 21 жастағы жігіт пен 15 жастағы жасөспірім қыздың некесін қиған имам жазаға тартылды

Бүгін, 09:09
Ғани Атымтай Ғани Атымтай
Қызылорда облысында 21 жастағы жігіт пен 15 жастағы жасөспірім қыздың некесін қиған имам жазаға тартылды
Фото: видеодан скриншот

Қызылорда облысында 15 жастағы оқушы қыз бен 21 жастағы жігіттің некесін қиған имам сөгіс алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Stan.kz сайтының жазуынша, Қызылорда облысы Шиелі ауданының имамы 21 жастағы тұрғын мен 15 жастағы қыздың некесін қиған. Жасөспірімді жүкті еткені үшін ауыл тұрғыны 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Қызылорда облысының бас имамы Дастан Құрманбаев осы жайттан соң имамдар арасында жиын өткенін айтты.

Өткен жылы Шиелі аудандық полиция хабарламасынан кейін ауыл дін қызметкері тәртіптік кеңеске шақырылған.

"Жас жұбайдың" неке қию туралы куәлігі болған жоқ, онсыз неке қиюға тыйым салынады. Осыған қарамастан имам оқушы қыздың анасының өтінішін орындаған. Яғни "қыз жүкті болғандықтан, екі жақтың ата-анасы некеге тұруға келісімін бергендіктен" рәсім жасауды өтініпті.

Алайда мұны ақтауға болмайды. Имам еліміздің заңын да, Қазақстандағы барлық дін қызметкеріне міндетті жарғыны да бұзды. Оған сөгіс жарияланды. Алдағы уақытта ол тарапынан қандай да бір заңбұзушылық орын алса, имам діни қызметтен шеттетіледі, – деді Дастан Құрманбаев.

Осыдан кейін облыстағы барлық имамның жалпы жиналысы өтті. Онда діни қызметкерлерге неке куәлігін көрсетпей, неке қиюға болмайтыны тағы бір мәрте ескертілді.

Еске салсақ, бұған дейін Қызылорда облысында 21 жастағы жігіт 15 жасар жасөспірімге үйленіп, жүкті қылғаны үшін 12 жылға сотталған болатын.