Шағын футболдан Ассамблея кубогының турнирі басталды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Шағын футболдан Ассамблея кубогының турнирі басталды
Фото: Василий Крась

Шағын футболдан Жерұйық саябағында дәстүрлі түрде өтетін Ассамблеяның кубогы сарапқа салынып жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері өзара бірлікте өмір сүріп жатыр. Футбол — ойын. Ойын арқылы өзарөзараөзарөзарааа қарым-қатынасымызды арттырамыз. Бүгінгі турнирде әділ төреші, таза ойын болатынына сенемін. Барлықтарыңызға сәттілік! — деп Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының этносаралық қатынастар бөлімінің меңгерушісі Арман Баянбеков.

299f835e-a522-4233-968f-1703307d6c2d.jpg

«Спорт – ұлт денсаулығы» атты тақырыппен ұйымдастырылған жарыста елордалық Ассамблеяға қарасты этномәдени бірлестіктердің, Қорғаныс министрлігінің, Астана қаласы Полиция департаментінің, ҚР ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының (Астана  қаласы)  қомандалары қатысып жатыр.

df77cfe1-86b4-4328-9a15-1fa6a5253172.jpg

Жалпы 13 команда басты кубок үшін бақ сынасады.  

Жарыстың финалдық кезеңі 21 мамыр күніне жоспарланған.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ