«Әп, бәрекелді»: Нұрлан Өнербаев тағы бір айыппұл түрін салуды ұсынды

Бүгін, 11:57
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
«Әп, бәрекелді»: Нұрлан Өнербаев тағы бір айыппұл түрін салуды ұсынды
Фото: instagram.com/onerbay_nurlan

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, əнші, қоғам қайраткері Нұрлан Өнербаев қазақ тілінде сөйлемейтіндерге айыппұл салуды ұсынды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Өнер иесі пікірін әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, көпшілікке ой бөлісті. 

«Күнде бір айыппұл түрін шығарасыңдар! Бір айыппұл түрін халық өзіміз ұсынайық. Қазақ тілінде сөйлемейтіндерге 39 320 теңге айыппұл салынсын», – деп жазды әнші. 

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, өнер иесінің ұсынысын қолдайтындарын жеткізді. 

«Өте дұрыс бастама», «Астана мен солтүстіктегі орыс болып кеткен қазақтар әліппе жаттасыншы», «Аз ғой, 1 миллион теңге салынсын», «Әп, бәрекелді», «Келісемін», «Толық келісемін. Өз тілімізді өзіміз құрметтемей шүлдірлеп кеттік», «Орынды ұсыныс», – деп жазды көпшілік. 

Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов еліміздегі айыппұлдар жүйесін сынға алған болатын.