Маңғыстау облысында балабақша меңгерушісі сотталды

Фото: freepik.com
Маңғыстау облысында балабақша меңгерушісі 3 жылға сотталды. Ол балабақшада жоқ балалар үшін қаражат алып отырған, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Прокуратура Маңғыстау ауданында тексеру кезінде жекеменшік балабақшаға бармаған балалар үшін бюджеттен 6,6 млн теңге заңсыз төленгенін анықтаған.
Осы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу аяқталған соң ол сотқа жолданды. Сот үкімімен балабақша меңгерушісінің 3 жыл мерзімге бас бостандығы шектелді.
Сондай-ақ ол 2 жыл мектепке дейінгі оқыту мен бала тәрбиелеуді ұйымдастыру саласында қызметпен айналысу құқығынан айырылды.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 17:03
Есірткі сатумен айналысқан отбасы ірі көлемдегі марихуанамен ұсталды

Бүгін, 16:46
Таразда заңсыз жабдықты пайдаланған стоматология қызметін тоқтатты

Бүгін, 14:01
БҚО-да 10 адамды сан соқтырған күдікті ұсталды

Бүгін, 09:35
Қарағанды облысында пойыз жеңіл көлікке соғылып, үш адам көз жұмды