00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

«Нәтиже жақсы»: Елорда тұрғыны қала әкімдігінің жұмысына алғыс білдірді

«Нәтиже жақсы»: Елорда тұрғыны қала әкімдігінің жұмысына алғыс білдірді
фото: Сұлтан Сейітов

Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбектің Байқоңыр ауданы тұрғындарымен кездесуінде Ильинка тұрғын алабының тұрғыны инфрақұрылым мәселесін көтерді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Астана» тұрғын үй кешенінде тұратын азамат алдымен тұрғын алапта жылу мәселесі шешілгенін айтып, алғысын білдірді.

«Бұған дейін мен сіздің кездесуінде екі рет болдым. Рахмет, жақсы нәтиже бар. Сіздің ықпалыңыз арқасында үш жыл бұрын жылу берілді. Қазір газ құбырлары орнатылған. Бірақ электр желісі әлі күнге дейін уақытша желімен тұр. Сонымен қатар «Астана су арнасы» былтырдан бері балансқа алмады.  Құрылыс салушы да оған асығып жатқан жоқ. Қыста су құбыры мен кәріз желісінде мәселе туындаса тұрғындар зардап шегейін деп тұр»,- деп елорда тұрғыны тілегін білдірді.

Елорда әкімі бұл мәселе жақын арада шешілетінін айтты.

«Жақсы мен бақылауға аламын және бір апта ішінде орынбасарларым сіздермен кездеседі»,- деді қала әкімі Жеңіс Қасымбек.