Министр елордалық мектеп директорларымен кездесті
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Министр елордалық мектеп директорларымен кездесті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172103482929015944.webp)
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Астана қаласының мектеп директорларымен кездесу өткізді, деп хабарлады Elorda.info.
Министр елорданың білім жүйесін одан әрі дамытып, мәртебесін көтеріп, жалпы білім жүйесін әлемдік деңгейге шығару үшін қажырлы еңбек қажеттігін де атап өтті. Дәстүрлі емес кездесуде мектеп басшылары көкейде жүрген сауалдарын қойып, бірқатар ұсыныстар да айтылды.
Мен өз тарапымнан министрді қабылданған «Елорданың білім беру жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған жол картасы» аясында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырдым.
Мәселен, осы жылы Жол картасы аясында жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарға 10317 орынға мемлекеттік тапсырыс орналастырылды. Сонымен қатар, 16300 орынға арналған 11 мектептің құрылысы аяқталады. 7000-ға жуық педагог біліктілігін арттыру курстарынан өтсе, мұғалімдерді даярлау үшін 1050 грант бөлінді. Жол картасы аясында бұдан өзге бірқатар жұмыстар атқарылып, аталмыш жоба оң әсерін көрсетуде. Алдағы уақытта Жол картасын іске асыру шаралары ары қарай қарқынды жүргізілетінін атап өткім келеді, - деп жазды Астана қалалық Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
![Ваучерлік қаржыландыру: Мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері тәжірибе алмасты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173884402934720805.webp)
![Елордада 8-9 ақпанда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173883679934610784.webp)
![Астанадан қыс басталғалы 5 миллион текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173882271438652075.webp)
![Жеңіс Қасымбек «Есіл» ауданының тұрғындарымен кездеседі](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173875004936709496.webp)