00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Маңғыстау облысында балалар астан уланды

8 қыркүйек, 2024
Сабина Кәкімжан Сабина Кәкімжан
Маңғыстау облысында балалар астан уланды
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Маңғыстау облысының әкімі тамақтан уланып ауруханаға түскен оқушылардың жағдайымен танысты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Облыс әкімдігі таратқан мәліметке сүйенсек,  облыстық ауруханада қазір 67 бала ем қабылдап жатыр. Олар күні кеше Мұнайлы ауданындағы 8-мектепте жаппай астан уланып, ауруханаға түскен. Екі бала жансақтау бөлімінде дәрігерлердің жіті бақылауында.

«Облыстық әкімдік жанындағы жедел штабтың жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Денсаулық сақтау басқармасы тарапынан шақыртуларға дереу қызмет көрсету үшін облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек станциясының 12 негізгі және 4 қосымша бригадасы жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, Мұнайлы орталық аудандық ауруханасының шақыруларға қызмет көрсетудің 4 санатты 4 бригадасы және Ақтау қаласының 4 санатты 7 бригадасы жұмылдырылды», - деп жазылған хабарламада.

Облыстағы емханалардың психологтар тобы ата-аналар мен балаларға қажетті көмек көрсетуде.

«Ауруханада тиісті ем-дом көрсетілуде. Дәрі-дәрмек пен төсек орындары жеткілікті. Дәл қазір ең бастысы, оқушылардың денсаулығы. Науқастардың тез жазылып кетуіне барлық жағдайды жасауымыз қажет. Кейін осы жағдайға байланысты тиісті шаралар мен шешімдер қабылдайтын боламыз»,- деді Нұрдәулет Қилыбай.