Мәслихат депутаттары МЖӘ жобаларының іске асырылуымен танысты

9 сәуір, 2025
Айман Нығмет Айман Нығмет
Мәслихат депутаттары МЖӘ жобаларының іске асырылуымен танысты
фото: instagram.com/tzeinulkabden

Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының төрағасы Табиғат Зейнұлқабден өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Келесі аптада Астана қаласында іске асырылып жатқан мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларына жауапты мемлекеттік серіктестер – қалалық басқармалар қатысатын мәслихат отырысын өткізуді жоспарлап отырмыз.  Осыған орай, апта басынан бастап депутаттар корпусы бірқатар нысандарды аралап, жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты»,- деді Табиғат Зейнұлқабден.

Мәслихат төрағасының жазуынша, МЖӘ аясында жұмыс істеп жатқан мекемелердің жетістіктері мен проблемалық мәселелері талқыланып, әріптестік сапасын арттыру бойынша бірқатар ұсыныстар мен ескертулер айтылды.

фото: instagram.com/tzeinulkabden

«Бүгін депутаттар сәтті жүзеге асқан балабақша жобасының жұмысымен танысып, сонымен қатар қауіпті қалдықтарды қалдықсыз қайта өңдеу қызметін көрсететін кәсіпорынның өндірістік үдерісіндегі өзекті мәселелерді зерделеді. Алдағы отырыста осы мәселелерді ортаға салып, әріптестік тетіктерінің тиімділігі мен жетілдіру жолдарын талқылаймыз»,- деп жазды ол.