LRT құрылысын бір жылда бітіреміз - Жеңіс Қасымбек

13 желтоқсан, 2024
Салтанат Мұратқызы Салтанат Мұратқызы
LRT құрылысын бір жылда бітіреміз - Жеңіс Қасымбек
Фото: Оңалхан Өнерхан

Бұл туралы Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбек 7 арнаның «Саясаткер» бағдарламасында айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Елорда әкімі көлік кептелісі мәселесі көп мемлекеттердің астаналарында бар екенін, сондықтан қоғамдық көлік саласын дамытуға көп көңіл бөлінетінін айтты. 

«Біз соңғы 1,5-2 жыл ішінде қоғамдық транспорт санын 700 жаңа автобуспен көбейттік. Әрі қарай да бұл жұмысты жалғастырамыз. Қоғамдық транспорттардың сапасы жақсы болса, онда халықтың өзі оған тартылады. Жекеменшік көлік азаймайды, дегенмен сатып алу динамикасы өзгереді деп есептейміз. Көлік инфрақұрылымын дамытуда жол салу, кеңейту және көбейту мәселелері бойынша үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Мысалы, былтыр күзде Тәуелсіздік көпірін іске қостық. Ол көлік тығынына байланысты біраз мәселелерді шешіп жатыр. Болашақта да қосымша бірнеше көпір салынатын болады», - деді қала әкімі. 

Жеңіс Қасымбек көлік кептелісін шешуде LRT-нің үлкен көмегі болатынын айтты. 

«Биыл LRT құрылысы динамикасы ерекше болды. Осы динамика сақталса, LRT құрылысын бір жылдың ішінде бітіреміз деп жоспарлап отырмыз», - деді Ж.Қасымбек.