00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ерлан Каналимов: Көшпенділер ойынында ұлттық құрамамыз көш бастап келеді

11 қыркүйек, 2024
Салтанат Мұратқызы Салтанат Мұратқызы
Ерлан Каналимов: Көшпенділер ойынында ұлттық құрамамыз көш бастап келеді
Фото: Instagram/Ерлан Каналимов

Бұл туралы Астана қаласы мәслихаты төрағасы Ерлан Каналимов өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Үшінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстанның ұлттық құрамасы жалпы есепте сенімді түрде көш бастап келеді. Жалпы медаль саны қазіргі уақытта 48-ге жетті. Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев және Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновпен бірге жамбы ату және алыптар сайысы жарыстарына қатыстық. Жамбы атудың түрік стилінде қазақстандық спортшылар алтын және қола медальдарды жеңіп алды: Ералхан Айкөз жеңімпаз атанса, Айтбек Сарыбай үшінші орынды иеленді», - деді Е.Каналимов.

Ерлан Каналимов, сондай-ақ, «Арғымақ» ипподромында «Қалқан» нысанасына дәстүрлі жебе ату жарыстары жалғасып жатқанын айтты.

«Ербол Тапенов күміс медальға қол жеткізсе, Қанат Қасымхан қола жүлдегер атандыАт үстіндегі күрес жарыстарында Сырым Ізбасаров 100 кг дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетіп, Біржан Қосалиев 100 кг-нан жоғары салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды. 90 кг салмақта күміс медальді Қазақстан командасына Есімхан Рахматілла алып келді», - деп жазды ол.