Елордалық спортшы АҚШ-тағы турнирде күміс жүлдегер атанды

Бүгін, 11:50
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Елордалық спортшы АҚШ-тағы турнирде күміс жүлдегер атанды
Фото: Астана қаласы әкімдігі

АҚШ-тың Норвуд қаласында өткен мәнерлеп сырғанаудан «Cranberry Cup International 2025» Челленджер сериясы жарысында ел намысын қорғаған елордалық спортшы Софья Самоделкина күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қысқа және еркін бағдарлама нәтижесінде 203,15 ұпай жинаған Самоделкина тек америкалық Изабо Левитоға (207,61) ғана есе жіберді. Үшінші орын Оңтүстік Корея өкілі Джиа Шинге (179,97) бұйырды.

2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының жолдамасына ие спортшы бұл бәсекеде жаңа маусымға жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, екі бағдарламада да жеке рекордын жаңартты.

7-10 тамыз аралығында өткен жарысқа 20 елден 99 спортшы қатысты.

Айта кетерлігі, «Cranberry Cup» турнирі 2021 жылдан бері ұйымдастырылып келеді және биылғы жүлде Қазақстан тарихындағы алғашқы медаль болып тіркелді.