Елордалық азамат бардан iPhone14 ұрлап кетті
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордалық азамат бардан iPhone14 ұрлап кетті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172103484231638615.webp)
Астаналық тұрғын бизнес орталықтағы бардан iPhone 14 ұрлап кеткен, деп хабарлады Elorda.info.
Polisia.kz жазуынша, Есіл ауданының полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында құны 450 мың теңге тұратын iPhone 14 маркалы телефонды ұрлауға қатысы бар 48 жастағы ер адамды анықтады.
Күндізгі уақытта ер адам бизнес орталығында орналасқан барда болған. Бардың кассасына жақындаған кезде столда жатқан ұялы телефонды көрген. Барменнің назары басқа жақта екенін байқап, телефонды алып, қалтасына салып, кетіп қалған. Ер адам мойындау көрсетпелерін берді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр, - деп жазылған хабарламада.
Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға қырағы болуға, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Жеке мүлікті ұрлау – қылмыстың ең көп таралған түрі.
Ұрылардың құрбаны болмас үшін құнды заттарды қараусыз қалдырмаңыз, бейтаныс адамдарға сенбеңіз, - деп жазылған хабарламада.
![Ваучерлік қаржыландыру: Мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері тәжірибе алмасты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173884402934720805.webp)
![Елордада 8-9 ақпанда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173883679934610784.webp)
![Астанадан қыс басталғалы 5 миллион текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173882271438652075.webp)
![Жеңіс Қасымбек «Есіл» ауданының тұрғындарымен кездеседі](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173875004936709496.webp)