Елордада Шәмші Қалдаяқовтың әндері шырқалады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада Шәмші Қалдаяқовтың әндері шырқалады
ашық дереккөз

Астанада ҚР Мемлекеттік Әнұранының авторы, ҚР Халық әртісі, композитор Шәмші Қалдаяқовтың әндерінен «Менің Қазақстаным!» атты концерттік бағдарлама өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония ұжымы 25 мамырда сағат 20:00-де Астанадағы QAZAQSTAN орталық концерт залында Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл және Шәмші Қалдаяқов атындағы Түркістан облыстық филармониясының құрылғанына 60 жыл толуына орай ҚР Мемлекеттік Әнұранының авторы, ҚР Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, композитор Шәмші Қалдаяқовтың әндерін насихаттау мақсатында «Менің Қазақстаным!» атты концертті жанды дауыста өткізеді.

#концерт #Шәмші Қалдаяқов