Елордада кезекті бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді

Фото: Сұлтан Сейіт
28 қаңтарда Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында «Алматы» ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жәрмеңкеде түрлі саладағы 90 ұйымнан 2 мыңнан астам бос жұмыс орындары ұсынылады.
Өндірістік кәсіпорындардың, қызмет көрсету компанияларының және білім беру мекемелерінің ұсыныстарымен танысуға болады.
«Жәрмеңкеге Joltap бағдарламасының, әлеуметтік қорғау басқармасының және қаржы ұйымдарының өкілдері қатысып, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері мен әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпарат береді. Сондай-ақ жәрмеңкеде Отбасы банктің өкілдері болып, тұрғын үй бағдарламалары мен отбасыларға арналған мүмкіндіктер туралы біле аласыздар», - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 14:24
Астанада такси жүргізушісі есірткімен ұсталды

Бүгін, 13:34
Respublica жастарға сөз берді: Астанада Jas Republic Cup II дебат турнирінің финалы өтіп жатыр

Бүгін, 12:55
Астанада қалалық STEM олимпиадасы өтіп жатыр

Бүгін, 11:13
«Жеңілдетілген ипотека алып беремін»: Астанада полицейлер алааяқты ұстады