Елордада екі көше және көпірдің бір бөлігі жабылады
11 шілде, 2023
Елорда ақпарат
Фото: Бақтыгүл Бурбаева
Астанада жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Мәңгілік ел даңғылының, Арай көшесінің және «Тұлпар» көпірінің бір бөлігінде орташа жөндеу жүргізіледі деп хабарлады Elorda.info.
Жөндеу жұмысына байланысты 11-17 шілде аралығында Ә.Кекілбаев көшесінен Хусейн бен Талал көшесіне дейінгі учаскеде Мәңгілік ел даңғылы бойынша қозғалыс жабылады.
Сондай-ақ 12 шілдеден 3 тамызға дейін «Тұлпар» көпірінде көлік қозғалысы ішінара жабылады, - делінген хабарламада.
Жөндеу жұмысына байланысты 11-20 шілде аралығында Жауқазын көшесінен бастап Космонавтар көшесіне дейінгі аралықтағы Арай көшесінің учаскесі жабылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
Ұқсас жаңалықтар