Елімізде алдағы күндері 35 градусқа дейін аяз болады
![Салтанат Мұратқызы](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елімізде алдағы күндері 35 градусқа дейін аяз болады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/12/173494823142087160.webp)
Синоптиктер еліміздің басым бөлігінде 24-26 желтоқсан күндері қар жауып, бұрқасын болатынын болжады. Кей аумақтарда көктайғақ күтілуде, деп хабарлады Elordainfo.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24 желтоқсанда республиканың көп бөлігінде, 25-26 желтоқсанда еліміздің батысында, солтүстік-батысында және шығысында атмосфералық бөлімдердің өтуімен және циклонның әсерімен қар жауады, ал республиканың оңтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
«Тек антициклон жотасымен еліміздің оңтүстігіне ауа-райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Республика бойынша жаяу бұрқасын, тұман, екпінді жел, еліміздің батысында көктайғақ күтіледі», - делінген хабарламада.
Синоптиктердің болжамынша, түнде орталық пен шығыста -20...-35 градус аяз болады, ал қалған аумақта температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.
Бұған дейін синоптиктер 2024 жылғы желтоқсан айына арналған консультативтік ауа райы болжамын жариялаған болатын.
Консультативтік болжамға сәйкес, желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде қар, боран және екпінді жел күтіледі, елдің оңтүстік жартысында жауын-шашын жаңбыр мен жылбысқы қар түрінде болады, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қатты қар жаууы мүмкін. Елдің батысы мен оңтүстігінде көктайғақ пен тұман жиі болуы ықтимал.