Цифрлық технологиялар инфрақұрылымның ажырамас бөлігі – Жеңіс Қасымбек
Цифрлық технологиялар бүгінде күнделікті өмірімізді жайлы ететін инфрақұрылымның ажырамас бөлігі болып саналады. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.
Қалалық орта дамуы үшін инновацияның ізімен жүруі керек. Pitch Day іс-шарасына қатысушылар денсаулық сақтау, білім беру, ТКШ салаларын ары қарай цифрландыруға бағытталған, сол сияқты қауіпсіздік мәселелерін қамтамасыз ететін он IT жобаны таныстырды.
Біз үшін мұндай алаңдар инновациялық идеялар мен ұсыныстар талқыланатын орын ғана емес әрі жобалар қолдау табатын және іске асырылатын орын. Осыған дейін қала бірқатар жобаға, оның ішінде «Қолжетімді аула» бойынша, сондай-ақ білім беру, медицина және т.б. салаларда қолдау көрсеткен болатын, - деді әкім.
Жеңіс Қасымбек ұсынылған жобаларды егжей-тегжейлі зерттейтінін айтты.
Сондай-ақ Pitch Day қатысушыларымен бірлесіп, қалалық қызметтеріміздің жұмысын жүйелендіруге және оңтайландыруға мүмкіндік беретін жобалар құру бойынша жұмыс істейміз.Бірегей инновациялық идеялары мен жобалары бар IT-мамандар, біздің профильді басқармамыздың форумдарының қатысушысы бола аласыздар. Біз қолдау көрсетуге және бірлесіп жұмыс істеуге қашанда дайынбыз, - деді Жеңіс Қасымбек.