Астанада ҚТЖ ғимаратынан 3 600 қызметкер шұғыл эвакуацияланды
 
                            Астананың сол жағалауында орналасқан «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының 3 600 қызметкері эвакуацияланды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жоспарлы ірі ауқымды өрт-тактикалық оқу-жаттығуы болды. Мұндай шаралар үш жылда бір рет өткізіліп, төтенше жағдайларға жедел ден қою деңгейін тексеруге мүмкіндік береді.
Оқу-жаттығу барысында:
- Жоғарғы қабаттардағы адамдарды эвакуациялау үшін көтергіш механизмдер қолданылды;
- Ғимараттың барлық қауіпсіздік жүйелері тексерілді;
- Өрт дабылы, түтін шығару және автоматты өрт сөндіру жүйелері сыналды.
Шартты өртті сөндіруге 14 арнайы техника, оның ішінде 10 негізгі және 4 қосалқы көлік, сондай-ақ Астана ТЖД жеке құрамы жұмылдырылды.
Барлық белгіленген міндет толық орындалды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, оқу-жаттығу төтенше жағдайлар кезінде компанияның қауіпсіздік жүйелерінің тиімділігін тексеруге және қызметкерлердің эвакуациялау тәртібін үйренуіне көмектесті.
 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 Ернұр Қайнар
                                    Ернұр Қайнар
                                
 
                                     
                                     
                                     
                                     
                                     
                                     
                                     
                                 
                                 
                                 
                                 
                                 
                                 
                                 
                                 
                                