00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Ауданда 12 көшеде жөндеу жұмыстары аяқталды – Талғат Рахманберді

Ауданда 12 көшеде жөндеу жұмыстары аяқталды – Талғат Рахманберді
фото: Астана қаласы әкімдігі

Бұл туралы Байқоңыр ауданының әкімі Талғат Рахманберді аудан тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Ауданды дамытудың ажырамас бөлігі жол инфрақұрылымының сапасы болып табылады. Биыл біз жалпы ұзындығы 8,2 шақырым болатын 12 көшеде жөндеу жұмыстарын аяқтадық. Ауданның 8 көшесінде ұзындығы 9,4 шақырым болатын пандустары бар жаяу жүргіншілер тротуарларын абаттандыру жұмыстары аяқталды.

Өткен кездесулерде «Өндіріс» тұрғын алабының тұрғындары тротуарлар мен көшелердің жай-күйі бойынша бірнеше рет сұрақтар көтерді. Биыл Көлік басқармасымен бірлесіп Өндіріс, Жаңажол, Тайбұрыл және Үшқоңыр көшелерінің бойында 9 шақырым болатын жаңа тротуар салынды»,- деді Талғат Рахманберді.