Астанада алдағы демалыс күндері, яғни 28 және 29 қарашада кезекті «Соғым-FEST» фермерлік өнімдер жәрмеңкесі өтеді. Сауда төрт алаңда ұйымдастырылады, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Жәрмеңкеде Ақмола, Абай, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және өзге де облыстардың шаруа қожалықтары өнімін ұсынады. Сатып алушылар тауарларды делдалсыз, тікелей өндірушіден сатып алады.
Жәрмеңке төрт алаңда сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді:
• «Keruen Joly» сауда орталығы – Алаш тасжолы, 35Б;
• «Ет Әлемі» сауда орталығы – Алаш тасжолы, 31/1;
• «Jurt» сауда орталығы – Бейбарыс Сұлтан көшесі, 3;
• «ERA» базары – Қорғалжын тасжолы, 96.
Сауда орындарына қоғамдық көлікпен жетуге болады. «Keruen Joly» және «Ет әлемі» сауда орталықтарына №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 76, 81, 82, 120, 120А, 307 және 317 автобустары қатынайды. «Jurt» сауда орталығына №2, 7, 13, 32, 42, 49, 50, 67 және 73 автобустарымен жетуге болады.
Ал «ERA» базарына №35, 36, 45, 62, 66, 305 және 312 автобустары жүреді.
«Соғым-FEST» жәрмеңкесі тұрғындарға сапалы отандық өнімді қолжетімді бағамен сатып алуға, ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қолдау көрсетуге және қысқа дайындалу дәстүрін жалғастыруға мүмкіндік береді.
Еске сала кетсек, бұған дейінгі қалада кезекті ірі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі – «Соғым-FEST» III Ауыл шаруашылығы қызметкерлері форумының аясында өтті.