00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада ЖРВИ-дің 7 мыңнан астам жағдайы тіркелді

19 қыркүйек, 2024
Сабина Кәкімжан Сабина Кәкімжан
Астанада ЖРВИ-дің 7 мыңнан астам жағдайы тіркелді
Бактыгуль Бурбаева

Астанада жіті респираторлық вирустық инфекциялардың 7 100 жағдайы тіркелді. Бұл туралы бүгін Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Жанна Пірәлиева айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«5-11 қыркүйек  аралығында елордада 100 мың тұрғынға шаққанда 529,8 аурушаңдық көрсеткішімен жіті респираторлық вирустық инфекциялардың 7 100 жағдайы тіркелді. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылықтың 19,5%-ға немесе 1,2 есеге артқаны байқалады. Яғни, өткен жылы жіті респираторлық вирустық инфекциялардың 5 502 жағдайы тіркелді, көрсеткіш - 426,2 құрады. Астанада 8 медициналық ұйымның (№5, 7, 8 емханалар, «Шипагер» т.б.) базасында тұмауды бақылаушы эпидемиологиялық және зертханалық қадағалау қамтамасыз етілетінін атап өтемін», - деді департамент басшысының орынбасары.

Оның айтуынша, олар бір жыл ішінде ауру белгілері тұмауға ұқсас науқастардан іріктеп сынама алады. Ал оң нәтижелі вирустарды генетикалық зерттеуден өткізеді. Бұл мақсатты топтардағы эпидемиологиялық жағдайды бағалауға және жалпы популяция туралы түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді.

«Зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша 37 аптада ЖРВИ-мен ауырған тұмау вирусы мен COVID-19 вирусы табылған жоқ. 4 типті парагрипп - 2, микст инфекциясы – 42 сияқты тұмауға жатпайтын вирустар анықталды. Тәуекел тобындағы ЖРВИ-мен ауырғандардың арасында 2,4% немесе 173 жүкті әйел, 52,2% немесе 14 жасқа дейінгі 3 709 бала және 1 жасқа дейінгі балалар арасында 3,6% немесе 255 жағдай болды», - деді спикер.

2024-2025 жылдардағы эпидемиялық маусымда маусымдық тұмауға қарсы иммундау үшін қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жергілікті бюджет қаражатынан Ресей өндірген 160 000 доза мөлшерінде «ГРИППОЛ+» вакцинасын сатып алған.

«18 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, оларды жүргізу қағидалары, мерзімдері және профилактикалық егуге жататын халық топтары шеңберінде міндетті профилактикалық егулер жүргізілетін аурулардың тізбесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес жұқтыру қаупі жоғары адамдарға тұмауға қарсы иммундау компаниясы басталды. Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша, оның ішінде медицина қызметкерлері, диспансерлік есепте тұрған балалар, сәбилер үйлерінің, балалар үйлерінің балалары, қарттар үйлерінің контингенті және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша, жүктіліктің екінші немесе үшінші триместріндегі жүкті әйелдер, жүрек-қантамыр жүйесі мен тыныс алу органдарының созылмалы аурулары бар адамдар, жабық мекемелер контингенті, оқушылар және басқалар тиесілі», - деді Жанна Пірәлиева.