00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада жиһаз цехы отқа оранды

24 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада жиһаз цехы отқа оранды
Фото: Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Елордалық өрт сөндірушілер ірі өртті сөндірді,деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді.

23 қаңтарда сағат 21:20-да Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Дүкенұлы көшесі, 31/11С мекенжайы бойынша өрт туралы келіп түскен хабарламаға шықты.  Сағат 21.26-да шақырудың жоғары дәрежесі бойынша келіп жетуі бойынша  жиһаз жасайтын өндірістік цехта 1200 ш.м. алаңда жиһаз дайындамалары, пластмасса және резеңке-техникалық бұйымдар жанғаны анықталды. Өрт сөндіру штабы ұйымдастырылды.  Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді әрекеттері өрттің жақын маңдағы ғимараттарға таралуын болдырмады. Өрт сөндірушілердің күшімен өрт сағат 22.40-та оқшауланып, сағат 23.19-да жойылды, - деп жазылған хабарламада.

Өртті сөндіруге елордалық ТЖД жеке құрамының 93 адамы мен 18 бірлік техникасы, сондай-ақ апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жұмылдырылды.