00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астаналықтарға медиациялық көмек тегін ұсынылады

Астаналықтарға медиациялық көмек тегін ұсынылады
Фото: Астана қаласының Татуласу орталығы

Елорданың Татуласу орталығында білікті медиаторлар мен психологтар дауларды сәтті шешу үшін тегін қызмет көрсетеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Орталық медиаторлары қала тұрғындарына жақындарымен, әріптестерімен, іскер серіктестерімен, бұрынғы жұбайларымен қарым-қатынасты жақсартып, жанжалдарды бейбіт жолмен шешуге көмектеседі.

«Медиация - жанжалдарды шешудің ыңғайлы және бейтарап тәсілі. Сондықтан егер сіздің басқа адамдармен арақатынасыңызда  шешілмейтін проблемалар туындаса, сіз медиаторларға хабарласуыңыз керек. Мамандар cізге жағдайды медиация арқылы шешуге көмектеседі және шешім барлық тараптардың көңілінен шығады. Біздің орталық дауды қалай шешуге болатындығы туралы заңгерлік кеңес береді. Нәтижесінде тараптар медиативтік келісімге қол қояды», - деп түсіндірді елордалық Татуластыру орталығының басшысы, кәсіби медиатор Роза Бекішева.

Ол медиацияның артықшылықтарын атап өтті.

 «Бұл уақытты үнемдейді. Бірнеше ай бойы инстанцияларға жүгіруден гөрі, сотқа жеткізбей медиатормен жағдайды шешіп алған оңайырақ», - деп атап өтті Роза Бекішева.

Толық ақпарат алу және кеңеске жазылу үшін мына телефонға хабарласу қажет: +77024395127.