00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Бір тұрғынға шаққандағы қалдықтардың жиналу нормалары қайта есептелді – Ерлан Каналимов

Бір тұрғынға шаққандағы қалдықтардың жиналу нормалары қайта есептелді – Ерлан Каналимов
Фото: Ерлан Каналимов/Facebook

Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ол Астана қаласы мәслихатының салалық комиссиясы отырысында алдағы төрт жылға арналған елорданың экологиялық сапасының нысаналы көрсеткіштері талқыланғанын айта отырып, нақты атқарылған іс-шараларға тоқталды.

«Талқылау барысында 2020 жылдан бері мәслихат шешімімен бекітіліп, қолданыстағы тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару тарифі мәселесі қозғалды. Биыл бір тұрғынға шаққандағы қалдықтардың түзілу және жиналу нормалары қайта есептелді, бұл көрсеткіш 12 жыл бойы қайта қаралмаған еді. Бұрын бұл норма 2,16 м³/жыл болса, қазір ол 3,13 м³/жылға дейін өсті», - деді Е.Каналимов.

Ол аталған комиссия отырысында Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасына нақты негіздемелермен талдау дайындауды тапсырғанын айтты.

«Талдау материалдарында келесі аспектілер қамтылуы тиіс: көлік құралдарының жағдайы мен техникалық жарақтылығы; қоқыс полигонының жұмысы; мемлекеттік органдар, жеке компаниялар және азаматтар арасындағы міндеттердің функционалдық бөлінісі; қалдықтарды бөлек жинау бағдарламасын әзірлеу және жүзеге асыру; қалдықтарды басқару саласын цифрландыру. Барлық ұсыныстардың экологиялық жағдайды жақсарту мақсаттарымен өзара байланысын нақты негіздеумен көрсету қажеттілігіне ерекше назар аудардым», - деді қалалық мәслихат төрағасы.