Ливерпульде финалдық жекпе-жектер өтеді

Бүгін, 10:46
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views49
Ливерпульде финалдық жекпе-жектер өтеді
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Қазақстан бокс федерациясының ресми парақшасында 12 қыркүйекте Ливерпульде 1/4 және 1/2 финалдық жекпе-жектері өтетіні жарияланды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Сағат 16:00-да 48 келі бойынша ¼ финалы өтеді. Онда Назым Қызайбай vs Ханна Охота (Украина) шаршы алаңға шығады.
50 келі бойынша 1/4 финалда Санжар Тәшкенбай vs Жадумани Сингх Манденгбам (Үндістан) жұдырықтасады.
60 келі бойынша 1/2 финалда Виктория Графеева vs Ребека де Лима Сантос (Бразилия) бақ сынасады.
Сағат 22:00-де 65 келі бойынша 1/2 финалы өтеді. Онда Аида Әбікеева vs Грейн Мари Уолш (Ирландия) бокс алаңында кездеседі.
+80 келі бойынша 1/2 финалда Елдана Талипова vs Агата Кацмарска (Польша), ал +90 келі бойынша Айбек Оралбай vs Хулио цезарь Ла круз (Куба) жекпе-жекке шығады.