Депутаттарға ел бюджетінен қанша қаражат жұмсалады

Бүгін, 11:15
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views56
Депутаттарға ел бюджетінен қанша қаражат жұмсалады
Фото: Премьер-министрдің ресми ақпараттық ресурсы

Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы Мәжіліс қабырғасында 2025 жылы Мәжіліс пен Сенатты ұстауға қанша бюджет қаражаты бөлінгені туралы журналистердің сұрағына жауап берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Мен бюджеттік бағдарламаның әкімшісі емеспін. Депутаттардың қаншасы көлік пайдаланады, қаншасы жалға баспана алады немесе өз баспанасы бар ма: мұны материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы айта алады. Егер жалпы айта кетсем, Парламент қызметін қамтамасыз етуге 7-8 млрд теңге жұмсалады. Оның ішінде депутаттардан бөлек, саяси мемелекеттік қызметкерлер, әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер бар», - деді Абзал Бейсенбекұлы.

Айта кетейік, Мәжілісте 98 депутат, ал Сенатта 50 депутат бар.