Астанада жартылай марафон болатын күні бірқатар көшелер жабылады
21 мамыр күні Астанада өтетін марафонға байланысты бірқатар жолдар уақытша шектеледі, деп хабарлады Elorda.info.
Ұйымдастыру комитетінің айтуынша, жартылай марафон таңғы сағат 6:00-ден 10:00-ге дейін өтеді.
Марафон 2 бағыт бойынша өтеді:
21,1 км қашықтыққа жүгіру келесі маршрут бойынша өтеді:
ЭКСПО аумағынан басталып, Мәңгілік ел даңғылы, 53/1 Түркістан көшесіне – Заводская-Заводская-Ұлы дала-Қабанбай батыр даңғылдарына бұрылу – бұдан әрі 29/1 – Ақмешіт көшесі – ЭКСПО қалашығының айналасында – Түркістан көшесі және EXPO аумағында мәре.
5 шақырымға:
ЭКСПО ХХО аумағынан басталады, Мәңгілік ел даңғылы, 53/1 Түркістан көшесіне – Заводская-Заводская-Ұлы дала-Қабанбай батыр даңғылдарына бұрылу, бұдан әрі 29/1 – Ақмешіт көшесі – ЭКСПО қалашығының айналасында – Түркістан көшесі және EXPO аумағында мәре.
Қауіпсіздік және көліктік кідірістерді болдырмау мақсатында елорда тұрғындары мен қонақтарынан көшелердің жабық учаскелерін айналып өту үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлау және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажет.