Астанада Қорғалжын тасжолы жабылады

Фото: Оңалхан Өнерхан
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тұран даңғылынан Ш.Айтматов көшесіне дейінгі учаскеде Қорғалжын тасжолына орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлады Elordainfo.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Осыған байланысты, 24 сәуір мен 15 мамыр аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылады. Бұл ретте қозғалыс тараптардың бірі бойынша екі бағытта да ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.

Ұқсас жаңалықтар

18 тамыз, 2025
Тамыз конференциясы: Астана қалалық ұстаздар форумы өтіп жатыр

18 тамыз, 2025
«Қонақүй брондауды растамаған»: Елордалық полицейлер Швейцариядан келген туриске көмек көрсетті

18 тамыз, 2025
Елордада SOS батырмасы арқылы жоғалған қыз табылды

18 тамыз, 2025
Биыл елордада 170 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылып жатыр