Астанада оқушылар арасындағы үздік шахмат мектептері анықталды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада оқушылар арасындағы үздік шахмат мектептері анықталды
ашық дереккөз

Астананың шахмат федерациясының бастамасымен елорда мектептерінің арасындағы алғаш рет қалалық сайыс өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Астанада оқушылар арасында шахматты кеңінен таныту мақсатында ұйымдастырылған жарыс өз мәресіне жетті. Турнир 12 жасқа дейінгі және 18 жасқа дейінгілер арасындағы 2 санатқа бөлініп, 9 турдың қорытындысы бойынша үздіктер анықталды.

Жарыстың шарты бойынша әр мектептен 4 шахматшы (1 резерв) ойнап, әр ойыншыға 10 минут уақыт берілді.

12 жасқа дейінгілер арасында 31 мектеп бақ сынады:

1-орын: №72 мектеп — 26,5 ұпай
2-орын: №79 мектеп — 22 ұпай
3-орын: Республикалық физика-математика мектебі — 22 ұпай

77b06dbd-c0ca-47c2-8141-86dd9fe87f90.jpg

Ал 18 жасқа дейінгі бәсекеде 28 мектеп қатысты:

1-орын: Республикалық физика-математика мектебі — 28,5 ұпай
2-орын: №72 мектеп — 26,5 ұпай
3-орын: Назарбаев зияткерлік мектебі — 21,5 ұпай

Жеңімпаздар

1-орын — 150 мың теңге; 
2-орын — 100 мың теңге;
3-орын — 50 мың теңге сыйақымен марапатталды.

Енді Астана қаласынан үздік танылған мектептер мамыр айының соңында Алматыда өтетін республикалық турнирде бақ сынайды.

Айта кетейік, тамыз айында Алматыда алғаш рет оқушылар арасында әлем чемпионаты өтеді.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ