Астанада Family park тұрғын үй кешенінің бір бөлігі бұзылады

22 ақпан, 2025
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада Family park тұрғын үй кешенінің бір бөлігі бұзылады
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Елордада  салынып жатқан Family park ТК-де заңсыз салынған ғимараттар бұзылып жатыр. Мұндай шешімді сот қабылдады, деп хабарлады Elordainfo.kz  Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы бұрын «Өркен 777» ЖШС құрылыс салушысына қатысты «Family park» нысаны бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізген.

Тексеру нәтижелері бойынша бекітілген жобадан ауытқулар анықталды, осыған байланысты заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Алайда тапсырыс беруші бұл талаптарды орындаған жоқ, нәтижесінде Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз жолданды.

Бүгінгі күні арыздың талаптары қанағаттандырылды.

Қазіргі уақытта мемлекеттік сот орындаушысымен бірлесіп, заңсыз құрылысты бұзу бойынша жұмыстар жүргізілді.