00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

ANTIKOR қазақстандықтарға ескерту жасады

ANTIKOR қазақстандықтарға ескерту жасады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі алаяқтар жаңа әдістерді пайдаланып, қазақстандықтардың жеке деректерін иемденуге көшкенін мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz ANTIKOR-ға сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің мәліметінше, алаяқтар жасанды интеллект технологиясын пайдаланып, әлеуметтік желіде ақылы негізде адвокаттық қызметті ұсыну бойынша сілтемелерді басуға және жеке мәліметтерін беруге үгіттейді. Олар таратқан бейнежазбалар монтаждалған кадрлардан құралып, жалған дыбыстық сүйемелдеумен жасақталған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Халық заңгері» акциясы аясындағы барлық заң консультациялары тегін негізде берілетінін еске салады. Аталмыш шара тек офлайн форматта өткізіледі.

«Халықты жалған ақпараттарға сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, сондай-ақ қаражат аудармауға шақырамыз. Осындай қоңыраулар мен хабарламаларды алған жағдайда Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз», – делінген ANTIKOR-дың Telegram каналындағы хабарламасында.