Cауда үйінен алкогольдік ішімдік ұрлаған әйел ұсталды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Cауда үйінен алкогольдік ішімдік ұрлаған әйел ұсталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107495140621170.webp)
24 мамырда Қарағанды облысы Жезқазған қаласының полиция басқармасына дүкендердің бірінен белгісіз біреу алкогольдік ішімдіктерді ұрлап кеткені туралы хабарлама түсті. Шығын шамамен 20 мың теңгені құрады. Полицейлер дүкенде орнатылған бейнебақылау камераларындағы жазбаларды қарау арқылы ұрлыққа белгілі бір әйелдің қатысы бар екенін анықтады. Күдікті әйел дүкенге үш рет барған. Сонымен, бірінші барған кезде екі бөтелке арақ ұрлап, екінші рет – үш, ал үшінші рет бірден алты бөтелке алкогольдік сусынды алып кеткен. Тәртіп сақшылары қылмыстық кодекстің 187-бабы (ұсақ мүлікті иемдену) бойынша қылмыстық іс қозғады. Криминалдық полиция қызметкерлері 27 шілдеде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті 62 жастағы әйелді ұстады. Ол қылмысын мойындады. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.