Коронавирусқа қарсы екпе алған Нью-Йорк тұрғындарына 100 доллардан беріледі

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Коронавирусқа қарсы екпе алған Нью-Йорк тұрғындарына 100 доллардан беріледі
ашық дереккөз

Әлеуметтік желідегі жазбасында қалалық мэрия жұмадан, яғни 30 шілдеден бастап вакцинаның бірінші компонентін алған азаматтарға 100 АҚШ доллары көлемінде ақшалай төлем берілетінін хабарлады. Қалалық денсаулық сақтау департаментінің дерегі бойынша, бүгінде Нью-Йорк тұрғындарының 54,4 пайызы коронавирусқа қарсы толықтай егілген. Бір қызығы, бұл шара Нью-Йорк тұрғындарын вакцинацияға ынталандырудың алғашты тәсілі емес екен: көктемде қала билігі екпе алғандарға лотерея билетін үлестірген болатын. Енді бір үкіметтік емес ұйым екпе алғаны жөніндегі сертификатты көрсеткені үшін азаматтарға марихуана оралған шылым таратқан-ды.