Токио-2020: Бүгін жарыс алаңына кімдер шығады?
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Токио-2020: Бүгін жарыс алаңына кімдер шығады?](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107496410338143.webp)
Бүгін боксшылар Әбілхан Аманқұл мен Қамшыбек Қоңқабаев алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Сонымен қатар, теннисші Елена Рыбакина жартылай финалда күш сынасады. 29 шілдедегі сайыстар кестесі (Нұр-Сұлтан уақытымен): Су добы. Ерлер, топтық кезең 08:30. Қазақстан - Испания Академиялық есу. Ерлер, жартылай финал 08:50. Владислав Яковлев Теннис. Әйелдер, жекелей сын. Жартылай финал 12:00. Елена Рыбакина - Белинда Бенчич (Швейцария) Садақ ату. Ерлер, жекелей сын. 1/32 финал 14:18. Ильфат Абдуллин - Джеймс Вудгейт (Ұлыбритания) Бокс. Ерлер, 1/8 финал. 14:15. 75 келіге дейін. Әбілхан Аманқұл - Фанат Кахрамонов (Өзбекстан) 15:51. 91 келіден жоғары. Қамшыбек Қоңқабаев - Юсри Хафез (Мысыр) Айта кетейік, қазір Қазақстан қоржынында үш медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын.