Аспандағы атлет, бос орындықтар, мысық бейнелі бетперде: Токио олимпиадасында түсірілген сәтті суреттер
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
- Норвегиялық триатлоншы Кристиан Блюмменфельт алтын медальді еншілеп, жерде алаңсыз демалып жатыр. Ал оның бәсекелестері – күміс жүлдегер, ұлыбританиялық Алекс Йи мен қола жүлдегер, жаңазеландиялық Хейден Уайлд өзара қуанысып, мәре-сәре болуда. Фото авторы: Adam Pretty
- Британиялық Джо Фрейзер көркем гимнастикадан ерлер арасындағы жарыста өнер көрсетуде. Фото авторы: Martin Bureau
- Италиялық теннисші Фабио Фоньинидің ресейлік Даниил Медведевке есе жіберген сәті. Фото авторы: Patrick Semansky
- Франциялық слаломшы Мари-Зелия Лафон жартылай финалда бар күшін салуда. Фото авторы: Zheng Huansong
- Ер адам Токио спорт сарайында өтіп жатқан теннисті бос орындықтар арасында тамашалап отыр. Фото авторы: Thomas Peter
- Америкалық спортшылар Делани Шнелл (сол жақта) мен Джессика Парраттоның су астына сүңгіп бара жатқан шағы. Фото авторы: François-Xavier Marit
- Ресейлік гимнаст Виктория Листунова топтық сайыс кезінде өнер көрсетуде. Ол өзінің командаластары Владислава Уразова, Ангелина Мельникова және Лилия Ахаимовамен бірге алтын медальді еншіледі. Фото авторы: Morry Gash
- Тайвандық ауыр атлет Куо Син-Чуннің 59 келіге дейінгі категория бойынша алтын медальді жеңіп алған сәті. Фото авторы: Chris Graythen
- АҚШ спортшысы Карисса Мур серфингтен тарихтағы алғашқы Олимпиада алтынын жеңіп алғаннан кейін жеңісін тойлауда. Фото авторы: Yuki Iwamura
- Америкалық Джессика Парратто командаласы Делани Шнелмен бірге синхронды секіруден күміс медальді жеңіп алғаннан соң толқып, көз жасына ерік беріп тұр. Фото авторы: Dmitri Lovetsky
- Ресейлік жүзуші Евгений Рылов салтанатты марапаттау рәсімінде мысықтың суреті бар бетперде тағып алған. Фото авторы: Attila Kisbenedek
- Бразилиялық серфер Итало Феррейра финалда өнер көрсетуде. Тақтасы сынып қалғанына қарамастан, ол алтын медальді иеленді. Фото авторы: Yuki Iwamura
- Британиялық Том Дейли (сол жақта) мен Мэтти Ли синхронды жүзуден өнер көрсетуде. Олар алтын медальді қанжығаға байлады. Фото авторы: Oli Scarff
- Жапониялық Хифуми Абэның дзюдодан алтын медальді жеңіп алған сәті. Фото авторы: Hannah Mckay
- Қытайлық ауыр атлет Чэнь Лицзюнь 187 келілік зілтемірді жұлқа көтеріп, олимпиадалық рекорд орнатты, сондай-ақ 67 келіге дейінгі категорияда алтын медаль иеленді. Фото авторы: Chris Graythen
- Америкалық Анастасия Золотичтің тхэквондодан алтын медальді иеленген сәті. Ол осы бәсекеде Олимпиада алтынын жеңіп алған алғашқы америкалық әйел. Фото авторы: Javier Soriano
- Қытайлық Чжан Чаннин волейболдан Түркияға қарсы ойында қарсыластарына қарай доп лақтыруда. Фото авторы: Yuri Cortez
- Америкалық гимнаст Симона Байлс квалификациялық раунд кезінде биіктікке секіріп өнер көрсетуде. Фото авторы: Mike Blake
- Әзербайжандық гимнаст Марина Некрасова квалификациялық раунд кезінде өнер көрсетіп жатыр. Фото авторы: Morry Gash
- Италиялық Алессандро Велотто су полосынан Оңтүстік Африкаға қарсы матч кезінде допты қарсыластарына қарай лақтырғалы жатыр. Фото авторы: Mark Humphrey
- Қытайлық семсерлесуші Сун Ивен өзінің бапкері Юг Обримен Олимпиадағы жеңісіне қуануда. Фото авторы: Fabrice Coffrini
- Америкалық боксшы Деланте Джонсон аргентиналық Брайан Агустиннің соққысын қабылдауда. Фото авторы: Frank Franklin
Ұқсас жаңалықтар