Ислам Бозбаев Олимпиаданың екінші кезеңінде есе жіберді
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Ислам Бозбаев Олимпиаданың екінші кезеңінде есе жіберді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107498413665627.webp)
ашық дереккөз
90 келіге дейінгі дзюдошылар бақ сынасқан бәсекенің 1/16 финалында Бозбаев әзербайжандық Мамедали Мехдиевпен кездесіп, "вазари" ұпайымен жеңілді. Бұған дейін отандасымыз алғашқы кезеңде бразилиялық Рафаэль Маседоны "иппон" әдісімен жеңген еді. 30 жастағы Ислам Бозаев – Қарағанды облысы Теміртау қаласының тумасы. Ол 2012 жылы Лондон Олимпиадасына қатысып, 1/8 финалда жеңілген. 2011 және 2017 жылдары Азия чемпионатында күміс медаль иеленген. Сондай-ақ Азия чемпионаты мен Азия ойындарының қола жүлдегері.
Ұқсас жаңалықтар