Василий Левит бірінші жекпе-жекте нокаутпен ұтылды
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
91 келіде бақ сынайтын Левит Испания намысын қорғайтын кубалық Эммануэль Рейеске қарсы шыққан болатын. Кездесудің бірінші раунды 3:2 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды. Ал екінші раундтың басында қарсыласының ауыр соққысын өткізіп алған Левитке төрешілер техникалық нокаут жазды. Жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталып, Испания өкілі келесі айналымға өтті.
Ұқсас жаңалықтар