ҚР ІІМ әуежайлар мен теміржол вокзалдарында коронавирусқа қарсы тексеруді күшейтті
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![ҚР ІІМ әуежайлар мен теміржол вокзалдарында коронавирусқа қарсы тексеруді күшейтті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107495740898112.webp)
Жыл басынан бері ішкі істер органдары жалған ПЦР-тесттерін сату және пайдалану бойынша 45 қылмыстық іс және вакцинация паспорттарын сату және пайдалану бойынша 35 қылмыстық іс қозғады. Еліміздің әуежайлары мен теміржол вокзалдарында азаматтардың ковид-мәртебесін «Ashyq» қосымшасы арқылы тексеру, сонымен қатар ПЦР-тесттердің және вакцинация паспорттарының шынайылығын тексеру күшейтілді. Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеевтің айтуынша, Алматы қаласындағы халықаралық әуежайда көлік полицейлері әуежай қызметкерлерімен бірлесіп, Түркия мемлекетіне демалуға ұшып баруды жоспарлап, ПЦР-анықтамаларды және билеттерді бейтаныс адамнан сатып алған жігіт пен қызды анықтады. Сондай-ақ ол жалған ПЦР-тест анықтамасын пайдалана отырып, Беларусь Республикасына ұшпақ болған Шымкент қаласы тұрғынының ұсталғандығы туралы фактіні де айтты.
– Олар ұшаққа жіберілген жоқ. Осы аталған фактілер бойынша Қазақстан Респуликасы Қылмыстық кодексі 385-бабының 3-бөлігімен (Көрінеу жалған құжатты пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, – деді О. Бекеев.
ІІМ жалған құжат дайындағандары үшін төрт жылға дейнгі бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделгенін және оны пайдаланғандар үшін 40 тәулікке дейін қамаққа алу түріндегі жаза көзделгенін ескертеді.