Мәңгілік Ел мен Сығанақ көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы жартылай жабылады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мәңгілік Ел мен Сығанақ көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы жартылай жабылады
ашық дереккөз

Жол жөндеу жұмыстарына байланысты осы жылдың 27-29 шілде аралығында М3 көпірінен Мәңгілік Ел даңғылына қарай оң жақ бұрылыс съезінде, сондай-ақ Мәңгілік Ел даңғылынан Сығанақ көшесіне қарай оң жақ бұрылыс съезінде көлік қозғалыс ішінара жабылатын болады.

«Қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды өтінеміз», - делінген көлік басқармасының хабарламасында.