Тарихтағы ең қымбат олимпиада: Токиодағы олимпиада ойындарына 25 млрд доллардан аса қаржы жұмсалған

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Тарихтағы ең қымбат олимпиада: Токиодағы олимпиада ойындарына 25 млрд доллардан аса қаржы жұмсалған
ашық дереккөз

Ресми дерек бойынша, Токиода өтіп жатқан олимпиаданың бюджеті 15,4 млрд долларды құрайды. Алайда жапониялық аудиторлар шығынның 20 млрд доллардан асып кеткенін мәлімдеген болатын. Бұл дегеніміз Токионың олимпиаданы өткізу құқығын жеңіп алардан бұрын жасаған мәлімдемесіндегі қаражаттан үш есе дерлік көп. Сондай-ақ ол 2012 жылы Лондонда өткен Жазғы олимпиада ойындарына кеткен қаржыдан 11,04 млрд долларға, 2014 жылы Сочиде өткен Қысқы олимпиада ойындарына кеткен қаржыдан 5 млрд долларға артық. Олимпиадалардың құны жайлы былтыр жүргізілген британиялық ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек, әдетте бүгінде кез келген Олимпиада ойындарын өткізуге орташа есеппен 12 млрд доллар кетеді, бірақ олимпиада аясында спорттық бәсекеге қатысы жоқ шығын көлемі одан бірнеше есе асады. Токио олимпиадасына келсек, ойындарды бір жылға шегерудің өзі жапондарға 2,8 млрд долларға түскен. Токио олимпиадасы үшін шамамен 3 млрд доллар тұратын сегіз алаң салынған. Олардың ішіндегі ең үлкені ретінде 2019 жылы салынған 68 мың адамдық Ұлттық стадион мен жүзу және волейболға арналған 15 мың адамдық екі алаңды айтуға болады. Одан бөлек, 25 алаңға жөндеу жұмысы жүргізілді. Сондай-ақ олимпиададан түсетін табыс та аздау болады деп күтілуде. Көрермендердің келуіне тыйым салатын ереже кесірінен ұйымдастырушылар билет сатылымынан түсетін 800 млн долларды жоғалтады. Сонымен қатар олимпиаданы көруге шетелден келетін адамдар саны да шамамен 60-70 пайызға азайды.