Партиялық емес байқау орталығы әкімдер сайлауына баға берді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Партиялық емес байқау орталығы әкімдер сайлауына баға берді
ашық дереккөз

«Сайлауды партиялық емес бақылау орталығы» РҚБ 2021 жылғы 25 шілдеде аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды байқауға белсенді қатысты. Дауыс беру күні таңғы сағат 7.00-ден бастап орталықтың 2 мыңнан астам байқаушысы республиканың барлық облыстарындағы ең шалғай сайлау учаскелерін қоса алғанда, 1 845 сайлау учаскесінде дауыс беруді бақылауға қатысты. Өңірлердегі сайлауды бақылау бойынша партиялық емес бақылау орталығының жұмысына 95 ҮЕҰ серіктес тартылды», - деді Партиялық емес байқау орталығының төрағасы Төлеген Күнәділов баспасөз мәслихатында.

«Сайлауды партиялық емес бақылау орталығы» РҚБ жанында ахуалдық орталық жұмыс істеді, онда өңірлерден келіп түскен деректер өңделді және талданды. Өңірлік байқаушылар штабтарымен жедел байланыс тұрақты негізде сақталды және 14 облыста филиалдардың басшыларымен жұмысты үйлестіру жүргізілді. Барлық бақылаушылар учаскелерге қолданыстағы сайлау заңнамасына, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың талаптарына сәйкес жіберілді. Байқаушылар электораттың жоғары келуін атап өтті. Сайлау комиссияларының жұмысына шағымдар мен теріс пікірлер түскен жоқ, сайлау учаскелерінде елеулі бұзушылықтар тіркелген жоқ. Анықталған бұзушылықтардың ішінде: жекелеген азаматтардың өз отбасы мүшелеріне дауыс беру әрекеттері; дауыс беру кабинасына екі адамнан кіру; кейбір азаматтардың куәландыратын құжатсыз бюллетень алуға ниеті; әлеуметтік қашықтықты сақтамаудың жекелеген фактілері.

«Біздің байқаушыларымыз осындай 12 бұзушылықты тіркеді. Жалпы, олар сайлау процесінің заңдылығы мен ашықтығына әсер етпеді. Дауыстарды санау процесі шағым тудырмады. Бақылаушылар сайлау процесінің соңына дейін болды», - деді Т.Күнәділов.