Биыл мүгедектігі бар адамдардың құқығы 1 918 рет бұзылғаны анықталды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Биыл мүгедектігі бар адамдардың құқығы 1 918 рет бұзылғаны анықталды
ашық дереккөз

Бірінші жартыжылдықта мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, мәдениет және көліктік қызмет көрсету салаларындағы нысандарда заңбұзушылықтарды анықтау бойынша, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ортаны қамтамасыз ету тұрғысынан 469 бақылау іс-шарасы өткізілді. Осы орайда 312 тексеріс жоспарлы алдын алу-бақылау аясында және 157-сі азаматтардың өтініштері негізінде жоспардан тыс жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша ҚР «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңының 1 603 бұзылуы және «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» заңының 315 бұзылуы анықталды. Бұл ретте 1,5 мыңнан астам заңбұзушылық мүгедектердің әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарына, мәдени-ойын-сауық ұйымдары мен спорт ғимараттарына кіріп-шығуын қамтамасыз етпеумен байланысты болып отыр. Тексерулер нәтижесінде мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және оларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында анықталған заңбұзушылықтарды жоюға 379 нұсқама берілді, олардың 71-і бойынша жалпы сомасы 7,4 млн теңгеге әкімшілік айыппұл салынды.