Токио Олимпиадасының медалі қайта өңделген смартфондар мен компьютерлерден жасалған
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Олимпиада медальдарын дайындауға 6,21 млн ескі мобильді телефон мен 79 985 тонна әртүрлі шағын электронды құрылғы кеткен. Олар Жапонияда екі жыл бойы жүргізілген қайырымдылық кампаниясы барысында жиналыпты. Қайта өңделген смартфондар мен компьютерлерден бас-аяғы 32 келі алтын, 2 200 келі қола және 3 500 келі күміс шыққан.
«Біз қайта өңделген электроникадан 5 мың медаль жасап шығардық. Оның ішінде көпшілігі – смартфондар мен компьютерлер. Оның бәрін Жапония тұрғындары жинап, өткізді. Олимпиадада марапаттау салтанаты өтетін тұғыр да қайта өңделген пластиктен жасалған», – дейді Олимпиаданы ұйымдастыру комитетінің өкілі Юки Арата.
Ұқсас жаңалықтар