Отандық олимпиадашыларды қолдауға арналған бейнебаян жарыққа шықты

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Отандық олимпиадашыларды қолдауға арналған бейнебаян жарыққа шықты
ашық дереккөз

«Арнау» атты әннің бейнебаянына Роза Рымбаева, Ренат Гайсин, Ninety One тобы, Марсель, Әли Оқапов, Айдана Меденова, Қарақат Башанова, ДинаЯ және Мәди Сыздықов түскен. Әнге негіз ретінде Ренат Гайсин жазған Ұлттық олимпиадалық комитеттің әнұраны алынды, мәтіннің авторы – Мирас Қалдымұрат. Одан бөлек, «Арнау» әнін жарыққа шығаруға Әли Оқапов, Батырхан Мәліков, Данияр Құлымшин, Азамат Ашмақын үлес қосқан. Ал ән мәтінін Данияр Өтеген, Дулат Мұхаметқалиев және Алексей Маклай жазған. Бейнебаянның режиссері – Асхат Баянов. Бейнебаянда танымал қазақстандық спортшылардың жарқын сәттері көрініс тапқан. Атап айтсақ, боксшы Василий Левиттің жекпе-жегі, Дмитрий Баландиннің финалдағы жеңісті сәті, дзюдошы Елдос Сметовтің белдесуі, гимнаст Милад Каримидің өнер көрсеткен сәті, спорттық құзға өрмелеуден Ришат Хайбуллин мен боксшы Надежда Рябецтің жаттығуы, Александр Винокуровтың Олимпиададағы жеңісі мен Бекзат Саттархановты марапаттау сәтінен үзінділер келтірілген.