Алдағы күндері 46 градус ыстық болады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алдағы күндері 46 градус ыстық болады
ашық дереккөз

«Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің солтүстік аймақтарында жаңбыр жауады. 24 шілдеде батыста, 24-25 шілдеде солтүстік-батыста, 25-26 шілдеде солтүстікте қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, бұршақ жаууы да ықтимал. Оңтүстік және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы күтіледі. Ауа температурасының күндіз оңтүстік, оңтүстік-батыста 38-46 ыстыққа дейін, оңтүстік-шығыс, шығыс пен орталықта 38-42 градусқа дейін көтерілуі болжанып отыр. Ал солтүстікте температураның 32-40 ыстықтан 20-30 градусқа дейін біртіндеп төмендеуі байқалады», - дейді синоптиктер.