Елімізде бала туу көрсеткіші айтарлықтай артты

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде бала туу көрсеткіші айтарлықтай артты
ашық дереккөз

Ranking.kz мәліметінше, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жаңа туған нәрестелер санының өсімі 8,4% құрады. 2020 жылдың бірінші тоқсанында елімізде 92,7 мың бала дүниеге келді. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 0,8% ғана көп. Жалпы, 2020 жылы Қазақстанда 425 мыңнан астам сәби туды. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда шамамен 6%-ға артық. Салыстырсақ, 2019 жылы дүниеге келген нәрестелер санының өсуі 2018 жылғы көрсеткіштен 1,3% қана асқан. Биылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша, елімізде халық саны 18,94 млн адамға жетті.